Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын мұрасын арқау етті

Ақын мұрасын арқау етті

Жуырда Тасарық ауылдық клубының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали әлемі – поэзия ғаламы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Сайыс ақын шығармашылығын тереңірек танытуға бағытталып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушылар ақын өлеңдерін жатқа, көркемсөз талаптарына сай мәнерлеп оқыды. Екінші кезеңде еркін тақырыпта өздері таңдаған ақынның шығармасын орындады.
Байқауға 5-8 сынып оқушылары қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сайысқа ауылдық клуб меңгерушісі Зәуре Бөлебаева, ауылдық кітапханашы Жанат Жүсіпова, №238 орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы, ақын Әділет Ізбасаров төрелік етті. Қазылар алқасы қатысушылардың сахна мәдениетіне, дауыс ырғағына және көркемсөз оқу шеберлігіне ерекше назар аударды.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені 8-сынып оқушысы Нұрсая Әлмағанбет жеңіп алды. Бірінші орын Асылай Жаңабайға бұйырды. Екінші орынды Асылай Қамбарбек еншіледі. Үшінші орынды Кәусар Ғанисламқызы қанжығасына байлады. Байқауға белсене қатысқан өзге оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Арман АЛТЫНБЕК
10 ақпан 2026 ж. 117 0

6 наурызға валюта бағамы

06 наурыз 2026 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031