Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөз бен саздың сардары

Сөз бен саздың сардары

Қазақ әдебиетінде нәзік сезімге құрылған сыршыл лирикасымен танылған көрнекті ақынның бірі – Шөмішбай Сариев. Биыл ақынның туғанына 80 жыл толуына орай еліміздің түкпір-түкпірінде оның өмірі мен шығармашылығын дәріптеуге арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы айтулы датаға орай Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Халқым болып оянып күн кешемін» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Жыр додасы басталмас бұрын қалалық кітапхана ұжымы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Сөзбен саздың сардары» атты кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге ақынның өлең жинақтары мен өмірі, шығармашылығы жайлы сыр шертетін әдеби дүниелер қойылды.
Облыстық мүшәйраға Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Арал және Қазалы аудандарынан 13-17 жас аралығындағы жас ақындар қатысып, өздерінің жүрекжарды жырларын ортаға салды. Өнер додасының негізгі мақсаты – поэ­зия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, есімі ел жадында сақталған біртуар перзент Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, ақын мұрасын ұлықтау. Сонымен қатар мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанындағы жас ақындар үйірмелерінің талантты мүшелерін көпшілікке таныстыру да шараның бас­ты бағытының бірі.
Мүшәйраның шымылдығы ақын сөзіне жазылған белгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің «Өкінбе сен» әнімен түрілді. Әнді Бақыткелді Надиров орындады.
Одан соң аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Абай Дидаров сөз алып, жас ақындарға ақ тілегін білдірді.
– Шөмішбай Сариев – сырлы жырымен оқырман жүрегінен орын алған ақын. Оның шығармашылығын жас ұрпаққа танытып, ақын мұрасын дәріптеу – бүгінгі шараның негізгі мәні. Мүшәйраға әр ауданнан жас талапкерлердің қатысуы қуантады. Әрқайсысы өз өлеңдері арқылы ізденісін, талғамын танытып отыр. Жас ақындарға осындай мүмкіндік берудің маңызы зор. Себебі талапты қолдау – әдебиеттің ертеңіне жасалған қамқорлық. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді бөлім басшысы.
Айта кетейік, Облыстық деңгейдегі жыр додасына аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Зоя Мұстафаева және №266 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыныш Мұхитқызы қазылық етіп, жас сөз шеберлерінің өнерін сарапқа салды.
Екі кезеңнен тұратын байқау барысында жас ақындар Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына деген құрметін өз жырлары арқылы танытып, поэзиядағы қарым-қабілеттерін ортаға салды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Жаңақорған ауданынан келген Оразхан Шапағатқа бұйырды.
Ал бірінші орынды қазалылық Балнұр Қасым иеленсе, екінші орын Шиелі ауданының жас ақыны Кәусар Тұғанбайға берілді. Үшінші орынды аралдық Абылай Әбілғазиев пен жалағаштық Тоғжан Байболат өзара бөлісті.
Сондай-ақ байқауда белсенділік танытып, шығармашылық қабілетімен көзге түскен сырдариялық Азамат Өмірзақ, қазалылық Биназир Рахман, Аяжан Әнес, Нұрханым Сапарбекқызы және аралдық Көбейсін Нұрболатұлы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
26 қыркүйек 2026 ж. 21 0

Берекелі бастама

26 қыркүйек 2026 ж. 21

Сөз бен саздың сардары

26 қыркүйек 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930