Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің аудандық кезеңі өтті

«Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің аудандық кезеңі өтті

Бүгін «ӘДІЛЕТ» партиясының «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалінің аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген аудандық партия филиалының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев фестивальдің негізгі мақсатына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«ӘДІЛЕТ» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауды басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған. Соның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Бұл шара өткен жылы да өткізілген болатын. Алдағы уақытта фестивальді дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Басты мақсатымыз – осындай спорттық және мәдени іс-шаралар арқылы балалардың белсенділігін арттырып, өзара сенім мен сыйластықты нығайту. Ең маңыздысы – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы достықты бекемдеу. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.
Спорттық сайысқа 3–4 , 5 - 6 және 7–8 сынып оқушыларынан құралған 24 команда, жалпы 70-тен астам оқушы қатысты. Қатысушылар «Біз жеңімпаз боламыз!» атты инклюзивті эстафета бойынша айналма жүгіру, командалық шеңбер, доппен бірге қимылдау және басқа да жарыс түрлерінен сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
3–4 сыныптар арасында:
І орын – «№17 орта мектеп» командасы;
ІІ орын – «№266 мектеп-лицейі»;
ІІІ орын – «№104 орта мектеп».
5–6 сыныптар арасында:
І орын – «№70 орта мектеп»;
ІІ орын – «№103 орта мектеп»;
ІІІ орын – «№204 орта мектеп».
7–8 сыныптар арасында:
І орын – «№276 орта мектеп»;
ІІ орын – «№225 орта мектеп»;
ІІІ орын – «№16 мектеп-лицейі».
Жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ өзге де қатысушы командаларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, спорттық сайыс аудандық партия филиалының, аудандық білім бөлімінің және аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет
08 қазан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031