Бүгін «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалында Қазалы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ниязов Айдан Маратұлы бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, тұрғын үйді заңдастыру, кәсіпкерлік нысанды бұзуға байланысты мәселелер көтеріліп, азаматтар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Айдан Маратұлы тұрғындардың сауалдарына қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.