Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедергісіз келешек: ерекше жандар спорттық сайыста бақ сынады

Кедергісіз келешек: ерекше жандар спорттық сайыста бақ сынады

Бүгін «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Ерекше жандардың сынақты сайысы» атты спорттық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш және аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдірді.

-«AMANAT партиясы ерекше жандардың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өмір сүруіне қажетті тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді басты міндеттердің бірі ретінде айқындап келеді. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы – инклюзивті қоғам қалыптастыруға, қолжетімді орта құруға және әр азаматтың әлеуетін толық жүзеге асыруға бағытталған маңызды бастама. Жалпы, аудандық партия филиалы өңірімізде ерекше жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бір дәлелі ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ерекше балалар мен ерекше жандарға арналған спорттық іс-шараларды атап өтуге болады», – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.

Аталған жарысқа 20-дан астам ерекше жан қатысып, дойбы, шахмат, қол күресі және нысана көздеу сынды төрт спорт түрінен өзара бақ сынасты. Қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ табандылықтарын, рухани мықтылықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан І орынды Серік Есенбаев иеленсе, ІІ орынға Орал Алекеев , ІІІ орынға Мағауия Тоқтамыс лайық деп танылды. Дойбыдан І орынды Байдәулет Сәрсембаев жеңіп алса, ІІ орынды Рабиға Шаламан, ІІІ орынды Әділбек Алғашбаев еншіледі. Қол күресінен І орын Сергей Спиртовқа бұйырса, ІІ орынды Әби Әмірхан, ІІІ орынды Нағашыбай Орнықбев иеленді. Ал мылтық ату сайысында І орынды Ермек Таласбай жеңіп алып, ІІ орынға Омар Қапаш, ІІІ орынға Амантай Жұмағазиев тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар мен дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.

#AMANAT
23 сәуір 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930