Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инклюзиялық спорт фестивалінің аудандық кезеңі өтті

Инклюзиялық спорт фестивалінің аудандық кезеңі өтті

Қазалыда ерекше балалардың «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» атты инклюзиялық спорт фестивалінің аудандық кезеңі өтті. Шараның негізгі мақсаты - даму ерекшеліктері бар балаларға спорттық процесті қолжетімді ету, олардың денсаулығын нығайтып, дене шынықтыруын жақсартуға көмектесу.

Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда өткен ерекше шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз сөйлеп ашып, сайысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс ержесіне сәйкес қатысушылар 3-5 сынып және 6-8 сынып аралығы бойынша сынға түсті. Жалпы 23 команда 69 бала қатысқан сайыста жүгіру, секіру, эстафета сынды жарыстар ұйымдастырылды. Жеңіске ұмтылған жеткіншектерге жетекшілері мен жанкүйерлері ерекше қолдау білдірді.

Жеңімпаздарды «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітов құттықтап, арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар өзге де қатысушы үміткерлерге белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломдар, сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен сайыстан жеңімпаз атанған балалар дәл осы сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.

20 сәуір 2024 ж. 217 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 49

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 44

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031