Жаңбыр, қар және көктайғақ: 9 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, шығыста көктайғақ құбылыстары болады, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты болады, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 9-11 градус жылы.
Алматы - күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 19-21 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жауын-шашын күтілмейді.
Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз - 2 градус жылы, күндіз 9-14 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 8-13 градус жылы. Көкшетау - күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз
екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10 жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 17-22, облыстың таулы аудандарында 9-14 градус жылы. Қонаев - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыс орталығында 2 жылы, облыстың таулы аудандарында 2 аяз, күндіз 17-22, облыстың таулы аудандарында 14 градус жылы. Талдықорған - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 20-22 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың таулы аудандарында 2 жылы, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 градус жылы. Түркістан - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың батысында, оңтүстігінде 9 жылы,
күндіз 16-21, облыстың батысында, оңтүстігінде 24 градус жылы. Орал - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 18-20 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 21-26 градус жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 24-26 градус жылы.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстік-батысында 18 жылы, күндіз 22-27, облыстың солтүстік-батысында 19 градус жылы. Ақтау - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 жылы, облыстың солтүстігінде 2 аяз, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы. Ақтөбе - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 градус жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде/таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың батысында 2 аяз, күндіз 11-16, облыстың оңтүстігінде 19 градус жылы. Қостанай - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 12-14 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде/таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың шығысы мен оңтүстігінде кей уақытта 25 метрге жетеді, күндіз 15-20, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 5-10 градус жылы. Петропавл - күн бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 7-9 градус жылы.
Павлодар облысы - түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, күндіз де жаңбыр болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 7-12 градус жылы. Павлодар - күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 9-11 градус жылы.
Қарағанды облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 8-13, облыстың оңтүстігінде 19 градус жылы. Қарағанды - күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 9-11 градус жылы.
Ұлытау облысы - түнде облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундсына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстігінде 4, күндіз 16-21, облыстың солтүстігінде 12 градус жылы. Жезқазған - күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 метр секундсына. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 17-19 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундсына 25 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, шығыста, облыстың таулы аймақтарында 2, күндіз 9-14, шығыста, облыстың таулы аймақтарында 5 градус жылы. Өскемен - күн бұлтты, жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 7-12, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 11-13 градус жылы.
Абай облысы - жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундсына 25 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 9-14, облыстың оңтүстігінде 18 градус жылы. Семей - күн бұлтты, жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 7-12, күндіз екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 12-14 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 21-26 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 23-25 градус жылы.
Жамбыл облысы - Жауын-шашынсыз. Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, облыстың таулы аймақтарында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың таулы аймақтарында 2, күндіз 18-23, облыстың таулы аймақтарында 15 градус жылы. Тараз - күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, күші секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.










