Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі" атты тимбилдинг өтті

"Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі" атты тимбилдинг өтті


«Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау – партияның «Кедергісіз келешек» жобасында және «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған басым бағыттардың бірі. 
Осы орайда бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының, Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 Маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Бақытты бала- бейбіт елдің тірегі” атты 40- қа жуық білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында тимбилдинг өткізілді. 
Аталмыш шараның мақсаты балаларға ойын- жаттығулар арқылы балалардың көңіл- күйін көтеру, ептілікке, шапшаңдыққа, бірлесе отырып топтық жұмыс жасауға үйрету, қарым- қатынасты нығайту, жан- жақты қолдау көрсету болып табылады. 
Шараға аудан әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы, «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы және «Жастар рухы» Жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы Ақпанбетов Нұрбек Нысанбекұлы қатысып, балаларға құттықтау тілектерін арнап, қызықты ойындарды бүлдіршіндермен бірге ойнап, балалардың қуанышын бірге бөлісуге атсалысты. 
Мереке қарсаңында ұйымдастырылған шарада аниматорлардың қатысуымен түрлі ойындар ойнатылып, бүлдіршіндерге ерекше көңіл- күй сыйланды. 
Шара соңында балаларға аудандық білім бөлімінің алғыс хаты табысталып, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалынан арнайы дайындалған сый-сияпаттар табыс етілді. Айта кетейік, шараға аудандық партия филиалымен қатар аудандық мәслихат депутаттары Орымбаев Арғын Қайрбайұлы мен Кәдір Ардақ Нартайұлы демеушілік көмек жасады.
 #AMANAT
01 маусым 2023 ж. 438 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930