Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +22 градус: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді

+22 градус: Астана мен Алматыда ауа райы өзгереді

Фото:depositphotos.com
Қазгидромет Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 9, 10 және 11 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Алдағы күндері Астана мен Алматыдағы ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді: елордада түнде -3 градусқа дейін суытса, Алматыда ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады.
Астанадағы ауа райы
9 қазанда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
10 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
11 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
Алматыдағы ауа райы
9 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
10-11 қазанда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Қазақстан күн жылынады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлаған. Өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар болжанады. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болмайды, онда температура +27 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
08 қазан 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031