Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кенті, Қарашеңгел және Арықбалық ауылдық округтеріндегі «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, кәсібін ашып, оны дамытып отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Аудан басшысы кәсіпкерлердің шұбат өндіру, тігін шеберханасы, дизайн орталығы, кондитерлік өнімдер өндіру және темір бұйымдарын жасау бағытындағы жұмыстарын көріп, өндіріс барысымен танысты. Кәсіп иелерімен тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жобалармен танысу барысында Қарашеңгел ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» жобасы арқылы қаржыландырылған наубайхана жұмысын көрді. Жеке кәсіпкер Асел Қыдырбаева 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 5 300 000 теңге несие алып, нан өнімдерін шығаратын өндіріс орнын ашқан. Мұнда тәулігіне 60 дана нан, 100 дана пирожки, 100 дана тоқаш өнімдері өндіріліп, ауыл тұрғындарының сұранысы қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар Жанқожа батыр ауылында «Қарасақал-2026» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 20 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, оған 40 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын сатып алған. Қазіргі таңда шаруашылық мал басын көбейтіп, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.
Кездесу барысында аудан әкімі Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігіне тоқталып, оның ауыл тұрғындарына кәсіп бастауға және жұмысын кеңейтуге нақты мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
– Басты мақсат – ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың тұрақты табысын арттыру. Бүгінде жобаның игілігін көріп отырған азаматтардың қатары артып келеді. Кәсіпкерлердің кәсібін одан әрі дамытуына мүмкіндік мол. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023–2025 жылдары аудан бойынша 1 млрд. 581 млн теңгеге 226 жоба қаржыландырылып, 270 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 2026 жылы жобаны іске асыруға 88 жоба бойынша 850 млн теңге қаржыландыру жоспарлануда. Нәтижесінде 103 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
14 тамыз 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31