Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты»: жоба жемісті жалғасуда

«Ауыл аманаты»: жоба жемісті жалғасуда

Ауыл – ел тірегі, экономиканың маңызды бөлігінің бірі. Бүгінде ауыл шаруашылығы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып отыр. Ел халқының 38 пайызы, яғни шамамен 7,6 миллион адам ауылдық жерлерде тұрады. Бұл ауылды дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын арттыру мәселелерінің өзектілігін көрсетеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, ауылдағы еңбек – берекенің бастауы.
Осыған байланысты кірістерді көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына өз ісін бастауға және дамытуға нақты мүмкіндік беруде.

Аталған бағдарлама Қазалыда да жүйелі жүзеге асуда. Сөзіміз дәлелді болсын, 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда жалпы құны 484,4 миллион теңгені құрайтын 68 жоба қаржыландырылған. Соның арқасында аумақта 92 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба 16 елді мекенді қамтып, 76 пайызға орындалды. Өйткені бұл бағдарламаға ауданға қарасты Басықара, Бозкөл, Көларық, Қызылқұм, Тасарық ауылдық округтері қатыспаған.
Сала маманы Бекарыстан Әлібекұлының айтуынша, сол жылы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бағытында 7 жобаға 137,8 миллион теңге бөлінген. Өңдеу саласында 29 жобаға 189,5 миллион теңге қарастырылса, мал шаруашылығына қатысты 9 жобаға 39,6 миллион теңге бағытталған. Егін шаруашылығы бойынша 6 жоба 39,4 миллион теңгемен қаржыландырылып, ауыл шаруашылығынан өзге салалардағы 17 жобаға 83,4 миллион теңге бөлінген.
Ал 2024 жылы жалпы құны 399,2 миллион теңгені құрайтын 63 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 82 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл көрсеткіш ауданның экономикалық дамуы мен әлеуметтік ахуалына оң әсерін тигізіп отыр. Жобалардың салалар бойынша үлестірілуіне келсек, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бағытында 1 жобаға 22 миллион теңге жұмсалған. Өңдеу саласы бойынша 38 жобаға 229,3 миллион теңге бағытталса, мал шаруашылығында 7 жобаға 34 миллион теңге бөлінген. Егін шаруашылығында 4 жоба 24,9 миллион теңгемен қамтамасыз етілген. Ал ауыл шаруашылығына қатысы жоқ бағыттардағы 13 жобаға 89 миллион теңге қарастырылған.
Жалпы бұл бастамалар аудан құрамындағы 19 елді мекенді қамтыған. Дегенмен, Басықара, Шәкен және Тасарық ауылдық округтері бағдарламаға қатыспаған. Соған қарамастан, жобалар ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына, кәсіп бастауына және өңір экономикасының дамуына айтарлықтай мүмкіндік беріп отыр.
2025 жылы аталған бағдарлама аясында аудан көлемінде жалпы құны 835,1 миллион теңгені құрайтын 124 жоба іске асырылды. Жобалар салалар бойынша әртараптандырылып, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бағытында 1 жобаға 30 миллион теңге бөлінді. Өңдеу саласы басымдыққа ие болып, 42 жобаға 264 миллион теңге бағытталды. Мал шаруашылығында 26 жоба 185 миллион теңгемен қамтамасыз етілсе, егін шаруашылығы бойынша 11 жобаға 67,8 миллион теңге қарастырылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығынан тыс бағыттардағы 39 жобаға 241,3 миллион теңге бөлініп, техникалық жабдықтау бойынша 5 жобаға 47 миллион теңге жұмсалды.
Жыл ішінде 393,5 миллион теңгеге бағаланған 55 жоба толық қаржыландырылып, нақты іске қосылды. Ал 13 наурыздағы жағдай бойынша құны 17,6 миллион теңге болатын 21 жоба «Байқоңыр ӘКК» АҚ Несие комитетінің мақұлдауынан өтіп, қазіргі таңда қаржыландыру кезеңінде тұр. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 230,8 миллион теңгені құрайтын 33 жоба «Amanatnesie.kz» онлайн платформасы арқылы несие алуға өтінім берген.
Биыл аталған жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен облысқа 5,6 миллиард теңге қарастырылып, оның аясында ауданға 88 жоба үшін 850 миллион теңге бөлу жоспарланған. Белгіленген мерзімге сай, облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен келісім жүргізіліп, аудан әкімінің тиісті жоспары бекітілді. Мамандардың айтуынша, бұл жоспар тұрғындарға қолжетімді болуы үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланған.
Жоспарға сәйкес, қаржы салалар бойынша жүйелі түрде үлестірілген. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бағытында 4 жобаға 102,8 миллион теңге қарастырылса, өңдеу саласында 24 жобаға 242,2 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша да 24 жобаға 226,2 миллион теңге бағытталмақ. Егін шаруашылығында 11 жобаға 125,7 миллион теңге бөлінуі жоспарланған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығынан тыс бағыттардағы 29 жобаға 255,9 миллион теңге құю көзделуде.
Бағдарлама аудан тұрғындарына кең мүмкіндік беріп, халықтың тұрмысын жақсартуға нақты үлес қосып келеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті жұрттың табыс табуына жол ашылуда. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес және аудан әкімдігінің қолдауымен Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Жалаңтөс батыр ауылында 3 шағын өндірістік орталық жұмысын бастады. Бұл орталықтарда жалпы сомасы 59,1 миллион теңгені құрайтын 17 жоба жүзеге асырылған.
Аталған бастамалар ауылдағы кәсіпкерлікті жандандырып, тұрғындардың өз ісін ашуына серпін беріп отыр. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы құны 38,1 миллион теңге болатын 5 жоба іске қосылды. Олар кондитерлік өнімдер өндіру, кафетерий ашу, фастфуд дайындау, гранолла таңғы асы мен балмұздақ шығару бағыттарын қамтиды.
Әсіресе азық-түлік өндірісі мен қоғамдық тамақтану саласына деген сұраныстың жоғары болуы бұл жобалардың табысты іске асуына ықпал етіп, тұрғындар тарапынан оң бағасын алуда.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 21 миллион теңгені құрайтын 12 жоба қолға алынды. Бұл бастамалар түрлі бағыттарды қамтып, ауданның қызмет көрсету және шағын бизнес саласын кеңейте түсуде.
Атап айтқанда, жобалар аясында ұлттық тағамдар әзірлеу, балмұздақ өндіру, дәріхана қызметін ұйымдастыру, тігін және кондитерлік цехтар ашу көзделген. Бұдан бөлек, киім-кешек пен азық-түлік дүкендері, оқу орталықтары, кеңсе тауарлары мен компьютерлік қызмет көрсету орындары, сондай-ақ спорт залдары іске қосылуда.
Тұрақты табыс жолына түсуге бағыттайтын жобаға қашанда қағажу көріп жүретін ауыл тұрғындары жаңа жобаға үлкен үміт артып, бастамаға барынша мүдделілік танытуда. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.
Еске сала кетсек, «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.
Арайлым ЖҮСІПОВА
Коллаж: автор 
28 сәуір 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930