Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдық жерде "Ауыл аманаты" жобасының іске асырылу барысын көрді

Ауылдық жерде "Ауыл аманаты" жобасының іске асырылу барысын көрді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында Бекарыстан би ауылында болып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске қосылған кілем жуу орталығының жұмысымен танысты.
Аталған жоба ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен тұрмыстық қызмет түрлерін жергілікті жерде дамытуға бағытталған. Цех қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген және бірнеше ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінде тұрғындарға қолжетімді сервистік қызмет түрлерін ұсынуға мүмкіндік беріп отыр. Халық қалаулысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Ауылдық жерлерде осындай шағын, бірақ тиімді жобалардың болуы халықтың өмір сапасын жақсартуға жасалған нақты қадамдардың бірі. Мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарына табыс әкелетін осы секілді бастамалар қолдау табуы тиіс», – деді депутат.
Мұнан соң жоба жетекшісімен пікірлесіп, кәсіпкерлігін одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, кәсіп иесінің алдағы жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.
Айта кетейік, 2025 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Қазалы ауданына 835,1 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл қаржы 124 жобаны қаржыландыруға және 135 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
07 шілде 2025 ж. 298 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031