Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биржада доллар бағасы өсті

Биржада доллар бағасы өсті

Биржада доллар бағасы өсті
Фото:istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 456,89 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 теңгеге өскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 9 қыркүйекке белгілеген доллардың ресми бағамы 454,46 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 454,32 теңге, ал сату бағамы – 456,31 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 452,14 теңгеден сатып алып, 459,27 теңгеден сатып жатыр. Шымкентте доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 454,63 теңге, ал сату бағамы 456,72 теңгені құрайды.
Еске салайық, 26 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге өсті. 27 тамызда – 3,28 теңгеге, 28 тамызда – 2,1 теңгеге қымбаттады.
31 тамызда доллар бағамы 2,23 теңгеге төмендеді, 1 қыркүйекте – 3,12 теңгеге, 2 қыркүйекте – 2,97 теңгеге арзандады. 3 қыркүйекте бағам 0,47 теңгеге өсті, 4 қыркүйекте – 0,53 теңгеге қымбаттады. 7 қыркүйекте доллар 2,04 теңгеге арзандаса, 8 қыркүйекте 0,19 теңгеге өсті.


09 қыркүйек 2026 ж. 12 0

Биржада доллар бағасы өсті

09 қыркүйек 2026 ж. 13

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930