Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыста жарақат алған жағдайда өтемақыны кім төлейді

Жұмыста жарақат алған жағдайда өтемақыны кім төлейді

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде өндірістегі жарақат көбейді. Енді бұдан былай жұмыс беруші қызметкерді сақтандыруға міндетті болады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

а
Фото: Kazinform/ЖИ

Министрлік мәлім еткендей, жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру — еңбек құқықтарын қорғау және өндірістік жарақат, кәсіптік ауру немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда азаматқа қаржылай қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік жүйенің маңызды тетіктерінің бірі.
Ведомство дегеніне сәйкес, 2026 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 969 қызметкер зардап шеккен. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға көп. Жыл басынан бері 64 топтық жазатайым оқиға тіркеліп, одан 226 қызметкер зиян шекті. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде 53 топтық жазатайым оқиға болып, 139 адам жарақат алған.
Әр санның артында адам, оның денсаулығы мен еңбекке қабілеті, ал кей жағдайда тұтас отбасының әл-ауқаты тұр. Өндірістегі жарақат адамның уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілетінен айырылуына, ұзақ уақыт емделіп, оңалтуына, дәрі-дәрмекке қосымша шығын жұмсауына, сондай-ақ еңбек табысының бір бөлігінен немесе толықтай айырылуына әкелуі мүмкін.
— Сондықтан заңнамада жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру тетігі қарастырылған. Жұмыс беруші әр жұмысшыға алдын ала міндетті сақтандыру шартын жасасуға тиіс. Сақтандыру шартының болуы зардап шеккендерге заңда көзделген сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Ал қайтыс болған жағдайда, тиісті төлемдерді алуға құқығы бар адамдарға төлем жасалады, — дейді министрлік өкілдері.
Еңбек министрлігі атап өткендей, осы ретте сақтандыру шартының болмауы жұмыс берушіні жауапкершіліктен босатпайды. Егер жұмыскер сақтандырылмаған болса, жұмыс беруші тиісті шығындарды өз қаражаты есебінен толық өтеуге міндетті. Мұндай жағдайда емделу, оңалту шығындарын төлеу және жоғалған табысты өтеу мәселелері тікелей жұмыс берушіге жүктеледі. Кей жағдайларда жұмыскер немесе оның отбасы өз құқықтарын сот арқылы қорғауға мәжбүр болады.
— Міндетті сақтандыру шартын жасамаған жұмыс берушілерге соңғы заңнамалық өзгерістермен қосымша міндеттер де жүктелген. Атап айтқанда, мұндай жұмыс беруші еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдерді де өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті. Егер міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, бұл төлемдерді сақтандыру ұйымы төлер еді. Демек, сақтандыру формальды талап немесе қосымша әкімшілік рәсім емес. Бұл — жұмыскерді қаржылай қорғауға арналған заңда белгіленген нақты тетік және жұмыс берушінің тәуекелдерін азайтудың маңызды құралы. Сақтандырмау жұмыс беруші үшін әкімшілік жауапкершілікке, қомақты қаржылық шығындарға, сот дауларына және беделіне нұқсан келуіне әкелуі мүмкін, — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Міндетті сақтандыру еңбек қатынастарының екі тарапының да мүддесін қорғайды: жұмыскер сақтандыру жағдайы туындаған кезде заңда көзделген қаржылай қолдауға ие болады, ал жұмыс беруші заңмен белгіленген міндеттерін орындап, ықтимал қаржылық және құқықтық тәуекелдерін азайтады.

09 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930