Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда үш айда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 69 адам көз жұмған

Қазақстанда үш айда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 69 адам көз жұмған

2023 жылдың екінші тоқсанында өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы көз жұмған, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақат алу көрсеткіші 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ке төмендеді.
"Республиканың өндірістік аймақтарында жарақат алу көрсеткіші өте жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында - 79 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 50 адам зардап шекті", - делінген хабарламада.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 21,8 % және құрылыс саласында – 10,6%.
Жазатайым оқиғаларға әкелген негізгі себептер:
  • зардап шегушінің абайсыздығы (33,3%);
  • өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%);
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%);
  • жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).
Ведомство атап өткендей, соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ке түсті.
Профилактика мен заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
25 шілде 2023 ж. 268 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031