Былтыр елімізде 2,5 мыңға жуық адам еңбек етіп жүріп жарақат алған
Былтыр елімізде жарақаттану көрсеткіші 2023-пен салыстырғанда 7,5% -ке төмендеп, 2471 жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соның ішінде 288 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 529 – кәсіптік аурулардан, 26 - улану кезінде зардап шеккен. Сондай-ақ өндірістегі өлім-жітім саны да азайған – төмендеу 24,8%. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Жарақат алудың ең төменгі көрсеткіші Жетісу облысында (20 адам), Шымкент қаласында (30 адам) және Солтүстік Қазақстан облысында (38 адам) тіркелген.
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (32,4%), тау-кен өнеркәсібінде (19,4%), сондай-ақ денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметте (8,3%) байқалған.
Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия (274 адам); құрамында кремний бар шаң тудырған пневмокониоз (129 адам).
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – бірінші ауысымда жұмыс істеген 30-дан 45 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.