Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біреуі диабетке қарсы препарат: Қазақстанда бес дәрінің тіркеуі кері қайтарып алынды

Біреуі диабетке қарсы препарат: Қазақстанда бес дәрінің тіркеуі кері қайтарып алынды

Фото:depositphotos.com
Қазақстанда бес дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарып алынды. Олардың қатарында диабетті, шашыранды склероз бен псориазды емдеуге арналған препараттар бар. Бұған не себеп болғанын Tengri Health анықтап көрді.

Қандай препараттар тіркеуден шығарылды?
3 қыркүйекте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы бес бұйрыққа қол қойды.
Әңгіме келесі препараттар туралы болып отыр:
"Окситоцин-Рихтер" - 5 ХБ/мл ерітіндісі. Бұл - жатырдың жиырылуын ынталандыратын гормон, окситоцин негізіндегі дәрілік препарат.
"Авонекс" - бұлшықетке инъекция жасауға арналған 30 мкг/0,5 мл ерітіндісі. Рецепт бойынша берілетін иммуномодуляциялық препарат. Ол ең алдымен шашыранды склерозды емдеу үшін қолданылады.
"Тайсабри" - инфузияға арналған 300 мг/15 мл концентраты. Шашыранды склерозды емдеуге арналған препарат. Бұл - иммундық жүйеге әсер ететін биологиялық препарат.
"Ксамиол" - 15 және 30 граммдық гель. Псориазды емдеуге арналған сыртқа қолданылатын гель.
"Гликлада СР" - модификацияланған босап шығуы бар 60 мг таблеткалар. 2-типтегі қант диабетін емдеуге арналған қант деңгейін төмендететін препарат.
Препараттар неге кері қайтарып алынды?
Комитеттегілер тіркеу куәліктері иелерінің немесе уәкілетті өкілдерінің ерікті өтініштері бойынша кері қайтарып алынғанын түсіндірді.
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім Қазақстан заңнамасында қарастырылған.
Ережеге сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның қолданылуын, сатылуын немесе өндірісін тоқтата алады немесе тыйым сала алады, оны айналымнан алып қоя алады немесе қолданылуын шектей алады.
Бұл ретте ведомство Қазақстанға тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін әкелінген немесе өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әрі қарай да қолдануға болатынын атап өтті.
08 қыркүйек 2026 ж. 11 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930