Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті

Өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен автокөлік жасау саласын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысып, мәжілістен кейін жауапты сала басшыларының қатысуымен аппарат мәжілісін өткізді.
Мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өңдеу өнеркәсібін дамыту, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілермен жұмысты жетілдіру, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, суға түсу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы талқыланды.
Сонымен қатар, ауданда жүзеге асырылып жатқан құрылыс, жол жөндеу және елді мекендердегі электр желілерін жаңғырту жобаларын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау мәселелері қаралды.
Жиын барысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың сапасына бақылауды күшейтіп, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге де ерекше назар аударылды. Аудан әкімі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді дер кезінде назарға алып, әрбір өтініш бойынша нақты жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
Аудан басшысы барлық берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды
22 шілде 2026 ж. 56 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031