Мәжілісте ауданның даму көрсеткіштері нақтыланды
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жан-жақты қаралды. Жиын барысында инновацияларды дамыту, өнеркәсіп, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жұмыспен қамту және санитарлық тазалық бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, нақты міндеттер айқындалды.Мәжілісте аудан басшысы қазіргі кезеңде ауданның тұрақты дамуы инновациялық тәсілдерді енгізу және жаңа технологияларды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты екенін айтты. Осыған орай, барлық салада заманауи жобаларды жүзеге асыру, ғылыми негізделген әдістерді қолдану және цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану міндетін қойды.
Өнеркәсіп өндірісінің өсімі қалыптасқанына қарамастан, жекелеген бағыттар бойынша көрсеткіштерді арттыру қажеттігін, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне баса назар аудару, инвестиция тарту бағытында жаңа жобаларды іске асыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін нақты шаралар қабылдап, тұрақты жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру бағытында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте аудан әкімі ауқымды салалар құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бойынша да жұмыстарға тоқталды. Жауаптыларға бүгінгі таңда ауданда жүргізіліп жатқан құрылысын нысандарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы саласындағы әрбір көрсеткіштің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды ескертті.
Жиын барысында ауданның санитарлық тазалығы мен қоғамдық тәртіп мәселелері де кеңінен талқыланды. Елді мекендердің тазалығын сақтау, аудан көлемінде қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтау, тұрғындармен кері байланысты арттыру және әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерге жедел әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі барлық сала басшыларына жүктелген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, әрбір көрсеткіш бойынша нақты нәтиже талап етілетіндігін айтты.














