Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда психологтардың біліктілігін тексерудің жаңа тетігі енгізіледі

Қазақстанда психологтардың біліктілігін тексерудің жаңа тетігі енгізіледі

Қазақстанда психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады. Оның көмегімен азаматтар маманның дипломын, біліктілігін және кәсіби тәжірибесін тексере алады. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі Әлия Мәмбеталина BIZDIÑ ORTA подкастында айтты.

р
Фото: pexels
Әлия Мәмбеталина
Фото: видеодан алынған кадр
Оның мәлімдеуінше, заң күшіне енгеннен кейін психологиялық қызмет көрсететін мамандардың барлығы құжаттарын ұсынып, тиісті білімін растауға тиіс. Бірыңғай тізілімге тек профильдік білімі мен біліктілігі расталған психологтар енгізіледі.
Реестрде маманның дипломы, кәсіби біліктілігі және біліктілікті арттыру туралы мәліметтері көрсетіледі. Сондай-ақ әр психологқа жеке сәйкестендіру нөмірі беріліп, оны әлеуметтік желідегі немесе өзге онлайн платформалардағы парақшасына орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Осы сілтеме арқылы азаматтар психологтың кәсіби даярлығы мен біліктілігін оңай тексере алады. Сарапшының айтуынша, психология саласында үздіксіз білім алу маңызды болғандықтан, маманның кәсіби дамуы туралы ақпарат та қолжетімді болмақ.
Әлия Мәмбеталинаның пікірінше, бірыңғай тізілім психологиялық қызмет көрсету нарығын реттеуге және арнайы білімі жоқ адамдарды кәсіби психологтардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, мемлекеттік тізілімге енгізілмеген мамандар психологиялық көмек көрсетуге және өзін психолог ретінде таныстыруға құқылы болмайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін, Сенат «Психологиялық қызмет туралы» заңды мақұлдаған болатын.

12 шілде 2026 ж. 72 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031