Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады

Елімізде психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады

istockphoto
Қазақстанда психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Министрліктің мәліметінше, құжат психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалыптастырып, психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Сонымен қатар азаматтардың психологиялық көмек алу кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
"Психологиялық қызмет туралы" заңға сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізуге, олардың кәсіби әдеп кодексін әзірлеуге, сондай-ақ заңда көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға жауапты болады.
"Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр. Сонымен бірге психологтардың мемлекеттік тізілімін цифрлық форматта енгізу және оны қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау мәселелері пысықталуда", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, заң талаптарын тиімді іске асыру мақсатында кәсіби қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылады.


08 шілде 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031