Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кәсіби коучтар тізілімі құрылады

Қазақстанда кәсіби коучтар тізілімі құрылады

Фото: freepik.com
Қазақстанда коучтарды халықаралық ICF стандарттары бойынша сертификаттау жүйесі енгізіледі. Онда мамандардың ұлттық тізілімін құру және бірыңғай біліктілік талаптарын енгізу қарастырылған.
Премьер-министр Олжас Бектенов сенат депутаттарының психология саласы бойынша коучтар мен мамандарды лицензиялауға қатысты депутаттық сауалына берген жауабында мемлекеттік органдар халықаралық тәжірибені зерттеп жатқанын мәлімдеген.
Дамыған елдерде мұндай қызмет кәсіби стандарттар негізінде дамиды және этикалық нормаларды, құзыреттілік талаптарын және мамандардың жұмыс ережелерін анықтайтын өзін-өзі реттейтін кәсіби бірлестіктер – қауымдастықтар мен федерацияларға иек артады.
ICF Kazakhstan халықаралық коучинг федерациясымен бірлесіп әзірленген «Коучинг қызметі (коуч)» стандарты қазір Ғылым және жоғары білім министрлігінде қаралуда.
Құжатта қызметтің тоғыз бағыты қамтылған:
  •  бизнес-коуч;
  • мансаптық коуч;
  • лайф-коуч;
  • топтық коуч;
  • көшбасшылық бойынша коуч;
  • денсаулық пен wellness бойынша коуч;
  • кәсіпкерлермен жұмыс істейтін коуч;
  • білім берумен айналысатын коуч;
  • спорттық даярлық коучы.
«Осы стандарт негізінде Ұлттық біліктілік жүйесінің career.enbek.kz цифрлық платформасында сертификатталған коучтар тізілімі құрылады. Халықаралық коучинг федерациясы (ICF) мамандарды даярлау, сертификаттар беру және тізілімге енгізу мәселелерімен айналысады, кәсіби құзыреттерді растаудың бірыңғай тетігін әзірлейді», – дейді Бектенов.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, ұлттық стандарттарды енгізу қызмет көрсету сапасын арттыруға, саладағы өзін-өзі реттеуді дамытуға, біліктіліктің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа жүйе тұтынушылардың құқығын қорғауға да жағдай жасайды, өйткені ол азаматтарға коучтардың біліктілігін тексеруге, дайындалған мамандардың қызметтерін пайдалануға және олардың кәсіби деңгейі туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы мәжілісте қаралған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңға енгізілген түзетулер коучтардың біліктіліктерін сертификаттармен растап, оны клиенттерге көрсетуді талап ететінін, сонымен қатар жалған ақпарат пен жалған жарнамаға тыйым салатынын еске салып өтті.
12 желтоқсан 2025 ж. 129 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 113

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031