Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланып жатыр

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланып жатыр

Фото: depositphotos.com
Еңбек министрлігінде зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Сингапурлық модельдің ерекшелегілі қандай?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының қарауына зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделі ұсынылды. Бұл модель міндетті зейнетақы капиталын қалыптастыруды көздейді және азаматтарға зейнет жасына дейін жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, медициналық шығындарды өтеуге, инвестициялауға пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте аударылатын қаражат үш шотқа бөлінеді, олардың біреуі жеңілдетілген тетік арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған.
Талқылау барысында бірқатар сарапшы ұсынылған модельдің әлеуметтік осал топтардың, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың мүддесін қаншалық толық ескеретініне қатысты пікір білдірді. Отырысқа қатысушылар осы жайтты жан-жақты зерделеу қажет екенін жеткізді.
Тағы қандай тәсілдер қарастырылып отыр?
Қазір жұмыс тобының қарауында зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты өзге де тәсілдер бар.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры азаматтың орташа айлық табысының медианалық жалақыға қатынасына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай есептелетін әлеуметтік зейнетақы төлемін енгізу тетігін ұсынды.
Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің аударымдарының 4 пайызын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1 пайызын ынтымақты (сақтандыру) құрамдасқа бағыттауды көздейтін модельді таныстырды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынылған бастамалар қазір сараптамалық талқылау сатысында екенін мәлімдеді. Түпкілікті шешім әрбір ұсыныс жан-жақты сараланғаннан кейін қабылданбақ.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу шарттарын қайта қарау ұсынылды.
08 шілде 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031