Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті өнімге – жоғары баға

Жергілікті өнімге – жоғары баға

Өңір экономикасының өркендеуіне кәсіпкерліктің қосар үлесі қашанда ерекше. Соңғы жылдары аймақта өндіріс көлемі артып, жергілікті кәсіпорындар сапалы өнім шығаруға ден қойып келеді. Бүгінде «Қазақстанда жасалған» деген белгі тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті өнімнің кепіліне айналуы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстарды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы биыл да өз деңгейінде өтті.
Қызылорда қаласындағы «Құзыреттілік орталығында» өткен ауқымды шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, даму және қаржы институттарының басшылары қатысып, өңір кәсіпкерлерінің жетістіктерімен танысты.
Көрме-байқаудың басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өнім мен қызмет сапасын арттыру, отандық брендтердің беделін көтеру және кәсіпкерліктің дамуына серпін беру. Сонымен қатар бұл алаң кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуына, өнімдерін кеңінен таныстыруына мүмкіндік жасады.
Көрмеде тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, халық тұтынатын тауарлар мен қолөнер бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Келушілер аймақта өндірілетін сапалы тауарлармен танысып, жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетіне көз жеткізді.
Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімі Мұрат Ергешбаев кәсіпкерлердің өңір экономикасын дамытудағы еңбегіне тоқталып, бәсекеге қабілетті өнім шығару мен сапалы қызмет көрсету ел дамуына қосылған нақты үлес екенін айтты.
– Бұл міндетті жүзеге асыруда кәсіпкерлер қауымының еңбегі мен жауапкершілігі ерекше. Көрмені аралау барысында көптеген сапалы өнімнің өз өңірімізде өндірілетінін көрдік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның белгісіне айналуға тиіс екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде облыста өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Алдағы үш жылда 48 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Мұндай көрме-байқаулар кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жергілікті өнімнің сұранысын арттыруға ықпал етеді, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі соңғы уақытта өңірде іске қосылған ірі өндіріс орындарына да тоқталды. Атап айтқанда, жақында «Марал Нұр» серіктестігінің жоғары технологиялық вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешені пайдалануға берілді. Бұл кәсіпорын теміржол инфрақұрылымын дамытудағы сапалы жұмысы үшін өткен жылы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанған.
Сондай-ақ өткен айда испаниялық «Рока Груп» компаниясының санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын және «Севен Риверс» серіктестігінің шыны ыдыс өндіретін зауыттарының капсуласы қаланды. Алдағы уақытта бұл өндіріс орындары өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады.
Биылғы көрме-байқауға экономиканың түрлі саласынан 62 тауар өндіруші қатысты. Сарапшылардың бағалау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациялары бойынша тоғыз үздік кәсіпорын анықталды.
Айта кету керек, бұл байқауға Қазалы ауданының кәсіпкерлері де жыл сайын белсенді қатысып келеді. Биыл да аудан кәсіпкерлері өз өнімдерін лайықты деңгейде таныстырып, жетістіктерімен ерекшеленді.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Сүт өнімдерінің өндірісі» бағыты бойынша «РЗА Сүт» серіктестігі дипломға ие болды. Ал «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша белсенді қатысқаны үшін жеке кәсіпкер Қайсар Қаниев, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясында белсенділік танытқан жеке кәсіпкерлер Айжан Мүсірбаева, Гүлнар Сыздықова және Руслан Бөлекбаев, сондай-ақ «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтің еңбегі де ерекше аталып, облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Жалпы, соңғы жылдары Қазалы кәсіпкерлері облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларда табысты өнер көрсетіп, ауданның абыройын асқақтатып келеді. Биылғы көрме де сол игі үрдістің жалғасы болғандай. Жергілікті кәсіпкерлердің ізденісі мен еңбегі алдағы уақытта да толайым табыстарға жол ашып, аудан экономикасының дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.

А. ЖҮСІПОВА
04 шілде 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031