Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

ІІМ: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

ІІМ: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
 Depositphotos.com
Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Самат Аисов мәлімдеді.
2 мыңнан астам лауазымды тұлға қылмысты тоқтату үшін қажетті қадамдарды дер кезінде қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды
 Jambylinfo.kz 
ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Самат Аисовтың айтуынша, жыл басынан бері қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 45 мыңға жуық ұсыну енгізілген. Соның нәтижесінде ел бойынша қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытында нақты шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, қосымша 2 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылып, жол-көлік оқиғалары жиі болатын 155 қауіпті учаске жаңғыртылды. Сондай-ақ 56 нысанда қауіпсіздік жүйесі күшейтіліп, білім беру ұйымдарында 60-тан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Министрлік мәліметінше, тергеушілердің ұсынулары негізінде 2 мыңнан астам лауазымды тұлға тәртіптік, ал ұсынуларды қарау бойынша шара қабылдамаған 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар биыл аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген 72 млрд теңгеден астам шығынның 34 млрд теңгесі өтелген. Шығынды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында 29 млрд теңгеден астам мүлікке тыйым салынған.
ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
03 шілде 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031