Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке мәліметтер желіге қалай шығып кетуі мүмкін?

Жеке мәліметтер желіге қалай шығып кетуі мүмкін?

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. 2020 жылы 404 жоспарланбаған тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 17 лауазымды тұлға мен 6 заңды тұлға тартылды. Биылғы жылы 11 жоспарланбаған тексеру жүргізілді. Ол бойынша 4 лауазымды тұлға мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Комитет электронды құжат пен ЭЦҚ бойынша бақылау жүргізеді. ЭЦҚ қол қойған адамның жеке мәліметіне сәйкес келеді. Ол үшін де заңды жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.
Әбдіхалықов атағандай, ЭЦҚ-ның тарап кетуі мекеме жетекшілері оның ішінде мемлекеттік органдар өздерінің ЭЦҚ-ларын бақылаусыз қалдыратынына байланысты.

Олар жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-ларын жоймайды. Оларды өзге қызметкерлерге береді. Осындай істердің нәтижесінде тұлғалардың ЭЦҚ-лары заңды қолданылмады. ЭЦҚ беру бойынша бізде әкімшілік іс қозғалады. 15 АЕК мен 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 2020 жылы 30-дан астам дерек ЭЦҚ-ны заңсыз беру тіркелді. 2021 жылы 6 іс қозғалды, оның 3-уі өндірісте. Тұрғындарға ескертетініміз, ЭЦҚ кілтін ешкімге беруге болмайды. Ешкімнің сіздің кілтіңізді сұрауға құқығы жоқ, - деді ол.
Әбдіхалықов айтқандай, тұрғындардан жеке мәліметтердің желіге шығып кетуі бойынша арыз-шағым түсетінін айтты.

Мәселен лауазымды тұлғалар жеке мәліметтері бар құжатты үшінші тұлғаға береді немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Осы бойынша 6 коммерциялық ұйым 100 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Әбдіхалықов.
Еске салсақ, елімізде интернет-ресурстардың қауіпсіздігі тегін қорғалатыны хабарланды.
13 сәуір 2021 ж. 2 154 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930