Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейнет һәм құрмет

Бейнет һәм құрмет

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ,
Adal ADAM УouТube арнасы жобасының жүргізушісі, авторы:

Өзімді бақытты журналистпін деп есептеймін. Өйткені журналистік жолымда туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Кіндік қаным тамған Қазалыда екі жыл еңбек еттім, қазыналы өлкенің тарихын тасқа таңбалаған «Қазалы» газетіне бас редактор болдым. Өмірімдегі ең қымбат әрі ұмытылмас кезеңдердің бірі болып қалады деп ойлаймын.
«Қазалы» газеті – ауданның бас газеті, халқының тынысы мен тіршілігінің айнасы. Сондықтан газеттің әр нөмірінің, әр мақаланың артында қаншама еңбек, қаншама жауапкершілік жататын. Басылым аптасына екі рет шығатындықтан, басылуға кеткелі жатқан газет беттерін қайтадан бұзып, өзгерткен кезіміз көп болды. Маңызды жаңалықтарды келесі нөмірге алып қалуға болмайды, әйтпесе маңызы жойылады. Ал аяқастынан ауданға лауазымды адамдар келе қалса, саяси маңызды оқиғалар бола қалса, газет беттерін қаттап, тіпті түннің жарымына дейін редакцияда отыратын кез де болады.
Журналистикада мереке де, демалыс та бола бермейді. Кейде түн ұйқыңды төрт бөліп мақала жазасың. Әрине мұның бәрі оқырманның көңілінен шықсақ екен, билік пен халық арасында алтын көпір болсақ екен деген бейнет һәм құрмет.
Әріптестермен өткен сол күндер әлі күнге дейін көз алдымда. Есет Табынбаев, Алтын Қосбармақова, Жеңісбек Айымқұлов, Ұлболсын Талапбаева, Ринат Әбдіхалық, Айнұр Қазмағамбетова, Қаракөз Ермекбаева, Гүлбану Алтынбекова, Гүлдана (корректор), Мейрамбек Кеулімжаев және басқалармен бірге бір үйдің баласындай болып еңбек еткенімді мақтанышпен еске аламын. Марқұм қаламгер Сақи Қапар ағамыздың да орны бөлек еді. Міне, бұл азаматтар газет шығару оңай жұмыс емес екендігін жақсы біледі. Сондай-ақ әріптестерімнің заман көшіне ілесіп, жаңа медианың талаптарына сай басылымды дамытып жатқанын да айрықша атап өтуім керек.
Газеттің мазмұнын байытып, беделін көтеруде тұрақты авторлардың да еңбегі бар. Жұмабек Табынбаев, Сержанқожа Берденұлы, Құдайберген Есекеев, Әлімжан Қияс, Кемел Көпжасар және басқа да аға-апаларымыз қарлығаш достығын көрсете білді, рухани демеу жасай білді. Орайы келіп тұрғанда, мереке қарсаңынла аты аталған азаматтарға және Есет Жұмабекұлы бастаған қазіргі ұжымға, аудандық басылымда әр жылдары еңбек еткен әріптестеріме, бізді қолдаған, еңбегімізді бағалаған қазалылық оқырмандарға алғыс айтқым келеді.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қаламдарыңыз мұқалмасын! Ақиқаттың ақ жолынан айнымай, халықтың сеніміне қызмет ете беріңіздер. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!
27 маусым 2026 ж. 25 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 26

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 35

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930