Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналист-жауапкершілік иесі

Журналист-жауапкершілік иесі

Дана НҰРЖІГІТ,
Журналист, продюсер, «Дана сөз» авторы:
– Мен материалым шыққанша,жан-жағымды ұмытамын. Үй де,бала да жайына қалады. Өкінішке қарай,солай. Қаншама рет балам қатты ауырып жатқанда,ауруханаға жатқызып барып,дәрігерлерге тапсырып, студияға кетіп қалатын едім. Қаншама жаназа мен туыстардың қуанышында бола алмадым. Материал шықсыншы, «елге жеткізу керек» деп ақы сұрамай-ақ, еңбектендім.Қазір де солай. Бұл мамандық сонысымен де қызық. Әрине, кәсіпкерлік пен журналистиканы қатар алып жүрген әріптестер бар. Олар  материалдық жағынан құнтталғандықтан,мүмкіндіктері де көп. Оны да жоққа шығармау керек. Қаржылай еркін болғандықтан кейіпкерлері де,іссапарлары да биографиялық,географиялық жағынан кеңірек болады. Бірақ бұл тереңірек болуы шарт емес. Бәрі журналистің білімі мен кәсібилігіне байланысты. Кейде бар мүмкіндік бола тұра журналистің «біліктілігінің»кесірінен материал шикі,тұшымды болмай шығатыны да бар. Бұл сала әубастағы Дананы қатты өзгертті,әрине! Бұл салаға керекті қабілет болған шығар,сірә,бірақ тәжірибе ширатты. Батыл болуды,ақпаратты тез меңгеріп,жинақтап қорытуды,сыни ойлауды,маңыздысын тез аңғарып,сөзден мүлт кетпеуге тырысуды, жауапкершілікті үйретті. Тыңдай білуді үйретті,сөздің парқын,салмағын ұғындырды. 
Қоғамды тек саясаткерлер өзгертеді,журналистер өзгертеді деп айтуға келмес. Қоғамды азаматтық позициясы бекем,айтары бар,ақиқат үшін қоғамға үндеу тастап өзгерісті бастайтын көшбасшылар бар. Солар қоғамды өзгертеді.Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар өзгертеді. Бишімбаевтың ісін алыңыз,ел ауызында  «Салтанат заңы» деп қалған заң қалай қабылданды? Еске түсіріңіз! Мен өзім депутаттықтан кеткеннен кейін сталкинг туралы баптың қабылдануына бастамашы болдым. Сондықтан қоғам деген – біз.  Әлеуметтік желі арқылы бастама көтеріліп,резонанс тудырып, арты өзгеріс әкелетін шешімдерге ұласып жатқан оқиғаларды көріп жүрміз ғой. Біз пікір мен факт дегеннің айырмашылығын түсінуіміз керек. Ақпарат айдынында эмоция көп бізде. Субъективті,объективті факторларды салқынқандылықпен сараптау үшін уақыт керек,тыныштық керек. Дабырада  ақиқат тұншығып,жұтылып кетеді. Сондықтан мен фактіге сүйенетін объективтілік жағындамын. Мен марапат алған адам ретінде айтсам,марапаттың қуанышы бір ғана сәт. Шын айтамын!Екінші күн-ақ мен кешегідей жұмысқа кірісемін. Журналистиканың қызығы мен шыжығына батамын.Кейіпкерлерімді зерттеймін,кездесулерге барамын,материал дайындаймын,командаммен талқылаймын. Сол сәтте «келесі марапат алайын» деп ойлайтын адам болсам,демек ақымақ болғаным ғой. Журналист марапат үшін жұмыс істемейді,сайып келгенде,ешкім үшін емес. Өзі үшін! Оның табиғаты сондай. Ол әлемде болып жатқан құбылыстарға енжар қарай алмайтын,соны қоғамға жеткізуге асық,бірге біліп,бірге зерттеуге,ойлануға,саралауға шақыратын  адам болғаны үшін осы мамандықта жүр. Бұл салада амалсыздан жүрген бірде-бір адамды көргенім жоқ. Мереке құтты болсын,әріптестер!
27 маусым 2026 ж. 23 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 25

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 35

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930