Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қызылорда облысында 64 жұп неке қидырды

Бүгін Қызылорда облысында 64 жұп неке қидырды

Бүгін, 26.06.26 айнадай үйлескен ерекше датада Қызылорда облысында 64 жұп жас отбасы ресми түрде некелерін қидырды. Жас жұбайлардың көбі бұл күнді отбасылық өмірдің бақытты бастауының белгісі деп санап, арнайы таңдаған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы хабарлады.

Сол жұптардың бірі – Бекарыс Қонақбай мен Инэль Нұрғалиева. Жастар мектеп қабырғасынан бері таныс. Бүгін олар өмірлеріндегі ең маңызды қадамды жасап, дәл осы есте қаларлық күні неке сақиналарын алмасты.

«Біз мектеп кезінен бері біргеміз, сондықтан бұл күннің біз үшін орны ерекше. Үйлену тойымыздың күні әдемі әрі есте қаларлық болғанын қаладық. 26.06.26 отбасылық өміріміздің бақытты бастамасы болады деп сенеміз», – дейді жас жұбайлар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаеваның айтуынша, осындай ерекше әрі символикалық даталарда неке қию рәсімдерінің саны дәстүрлі түрде артады.

«Көркем даталар жас жұбайлар арасында әрдайым сұранысқа ие. Бүгін Қызылорда облысында 64 жұп некесін қидырды. Оның басым бөлігі облыс орталығына тиесілі. Біз әрбір жаңа отбасын шын жүректен құттықтап, оларға бақыт, береке және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз», – деді Аида Абибуллаева.
Осылайша, көркем дата Қызылорда облысындағы 64 жұп үшін жаңа отбасылық өмірдің бастауы болды. Бұл күн олардың әрқайсысының жадында күнтізбедегі әдемі сандардың үйлесімі ғана емес, бірге басталған өмір жолының алғашқы әрі маңызды күні ретінде сақталмақ.
b3cfa107-30dd-49f0-885e-8e4ab8ef0efb.jpgbc5bf7c6-e7ba-4c59-b842-3ce85d1aa6d3.jpg


26 маусым 2026 ж. 40 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930