Уақып - сарқылмас қазына

Фото: ашық дереккөзден алынды
Ислам өркениетінде уақып – қоғам игілігіне арналған ең ізгі амалдардың бірі. Уақып дегеніміз – Алла разылығы үшін белгілі бір мүлікті немесе қаржыны қоғамдық игілікке арнап, оның пайдасын халықтың қажетіне жұмсау. Бұл – адам дүниеден өткеннен кейін де сауабы үзілмей жалғасатын сауапты істің бірі.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы қайтыс болғанда оның барлық амалы тоқтайды. Тек үш нәрсенің сауабы жалғасады: үздіксіз садақа (садақа жария), пайдалы білім және дұға жасайтын ізгі ұрпақ» деген. Ғалымдар бұл хадистегі «үздіксіз садақаның» ең көркем үлгілерінің бірі – уақып екенін айтқан. Сондықтан уақып – тек қайырымдылық емес, ұлттың рухани, әлеуметтік және мәдени дамуына қызмет ететін ұзақ мерзімді игілік.
Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уақып мәдениетін жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. ҚМДБ жанындағы Уақып қоры арқылы мешіттердің қызметін қолдау, діни білім беру ісін дамыту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесу, шәкірттерге қолдау көрсету және түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл игі бастамалар қоғамда өзара жанашырлықты нығайтып, елдің бірлігі мен берекесінің артуына өз үлесін қосып келеді.
Өңірлердегі мешіттер де уақыптың мәнін халыққа кеңінен түсіндіріп, жомарт азаматтарды игі істерге үндеуде. Қазалы ауданында да қайырымды жандардың қолдауымен әлеуметтік көмек көрсету, діни-ағарту жұмыстарын дамыту және мешіттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету бағытында бірқатар игі бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл – ата-бабамыздан жалғасқан асыл дәстүрдің бүгінгі күндегі көрінісі.
Уақып – бір күндік сауап емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани инвестиция. Қоғам игілігіне арналған әрбір үлес білімнің, тәрбиенің, мейірімнің және берекенің артуына қызмет етеді. Сондықтан әрбір мұсылман шамасына қарай осы сауапты іске үлес қосуға ұмтылғаны абзал.
Алла Тағала жасаған уақыптарымызды қабыл етіп, оны ақыретімізге азық, халқымызға игілік, елімізге береке етсін.
Нұрдәулет НӘБИ,
Қазалы аудандық

«Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы