Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Тегін тамақтандыратын асхана ашылды

Асхана аптаның бес күнінде 120 адамды үш мезгіл тегін тамақтандырады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қайырымдылыққа үндеуге қатысты бастамасына орай, Алматыда үш мезгіл тегін тамақтандыратын  "Уақып" асханасы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Уақып" асханасы әр аптаның бес күні жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Келген қонақтарға арнаулы бекітілген 7-8 адам әрдайым сапалы қызмет көрсетуге әзір. Сондай-ақ, бір кірген адам сол күні екінші рет қайта кіріп, тамақтана алады. Азаматтар асханаға Алматының орталық мешіті жанындағы "Ихлас" қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады.  
"Негізінен, бұл игі бастаманың мақсаты – мешітке келген әрбір жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен жетім-жесірлердің, мүгедектер мен мүсәпірлердің аз да болсын мұңын сейілтіп, мұқтаждығын өтеп, жарқын өмірге үміт сыйлау", — делінген хабарламада. 
Асхана Сейфуллин даңғылы, №330, Радищев көшесінің қиылысында орналасқан. 
sputniknews.kz      
 


07 қараша 2018 ж. 1 181 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 153

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 154

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031