Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тарифтеріндегі өзгерістер мен су үнемдеу мәселелері талқыланды

Су тарифтеріндегі өзгерістер мен су үнемдеу мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында су жеткізіп беру қызметінің тарифіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдерінің қатысуымен арнайы мәжіліс өтті.

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен жиынға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, сала мамандары және ауданнан салалық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, егін шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында аграрлық секторға аса мән беріп келеді. Ауданымыз үшін ауыл шаруашылығы саласы ерекше маңызға ие. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының негізгі көзі егін шаруашылығына су ресурстарының жеткілікті болуы аса маңызды. Өздеріңіз жақсы білесіздер, өңірімізде соңғы жылдары вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтуде. Биылғы жылы ауданымызда 12 345 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, күріш дақылы - 2 447 га, бидай - 230 га, арпа - 60 га, мақсары - 196 га, сүрлемдік жүгері - 269 га, жаңа жоңышқа - 2 040 га, ескі жоңышқа - 4 810 га, картоп - 224 га, көкөніс - 951 га, бақша өнімдері - 1 118 гектарды құрады. Енді алдымызда осы егілген егіске дұрыс күтім жасап, жоғары өнім алу міндеті тұр. Сондықтан бұған қатысты барлық шараларды қабылдауымыз қажет, -деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Жиында су ресурстары және ирригация министрлігінің тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры Дархан Қайынбердиев, су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығы ғимараттарын дамыту департаменті директорының орынбасары Жәнібек Қайшыбекұлы, су ресурстары және ирригация министрлігінің суды үнемдеу технологияларын дамыту депртаменті ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының сарапшысы Гүлнұр Махамбет, Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны экономика және қаржы департаментінің директоры Айгүл Сұлтанова, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов су шаруашылығы саласындағы су тарифтерін қалыптастыру тетіктері, тарифтердің өзгеру себептері, ирригациялық жүйелерді жаңғырту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу бағытындағы жұмыстар жайында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында шаруалар тарапынан су жеткізу сапасы, тарифтердің өзгеруі, су бөлу кестесі, каналдарды күтіп-ұстау және су үнемдеу технологияларын енгізуге қатысты бірқатар сауалдар қойылып, сала мамандары тарапынан нақты жауаптар берілді.

Жиын соңында аудан басшысы су – стратегиялық маңызы бар ресурс екенін атап өтіп, қазіргі таңда әрбір тамшы суды тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және шаруалардың мүддесін ескере отырып жүйелі жұмыс жүргізу маңызды міндет екенін атап өтті.

12 маусым 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930