Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлесе атқарылатын алдағы жұмыстар пысықталды

Бірлесе атқарылатын алдағы жұмыстар пысықталды

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобаларының аудан көлемінде іске асырылуы бойынша бірлескен отырыс өткізілді. Басқосуға аудандық мәслихат депуттары және аталған жобалардың жүргізілуіне қатыстатын дербес бөлім, мекеме басшылары мен мамандары, бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш жоспарланған жұмыстардың орындалу маңыздылығына тоқталды.

«Аталған жобалар партия мен үкіметтің бірлескен жобалары, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтардың бірі. Сондықтан қай тұрғыдан болсын бақылау да жоғары болады.
Бүгінгі жиынға бірқатар дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары арнайы қатысып отыр. Өткен жылғы тәжірибе бар. Сондықтан партияның аудандық филиалымен бірлесе тұрғындарға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру бойынша жүргізілетін жұмыстарды жалғастырып, жобаның ауқымын кеңейтуге барынша жұмыс жасауымыз қажет», - деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.


Өз кезегінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов сөз алып, жобалар аясында соңғы екі айдағы жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.

#AMANAT
29 ақпан 2024 ж. 147 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 76

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 99

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 99

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 98

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 101

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031