Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрт ауылға-тұрақты жылу

Төрт ауылға-тұрақты жылу

Ауданда халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар қарқын алды. Бұған дейін бірқатар елді мекенді табиғи газбен қамтыған аудан, биыл тағы 4 ауылға орамішілік газ желілерін тарту жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындар үшін игілікті істің қалай жүзеге асып жатқаны, бөлінген қаржы көлемі мен ауқымды жобаның барысы қандай?
Ауданда тұрғындарды табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Аудан аумағындағы елді мекендерді көгілдір отынға қосу ісі қарқынды жүргізіліп, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда.Өткен жылдардағы нәтижелерге көз жүгіртсек, игілікті істің ауқымы кеңейе түскенін байқауға болады. Мәселен, 2022 жылы аудандағы Басықара, Қ.Пірімов және Жалаңтөс батыр ауылдары газ жүйесіне қосылған болатын. Ал 2024 жылдың аяғында Абай ауылы (347,6 миллион теңге), 2025 жылы Ақтан батыр ауылы (325 миллион теңге) табиғи газға толыққанды қол жеткізді.
Ауданның газ жүйесін дамыту жолындағы ірі қаржыландырулар да назардан тыс қалмады. 2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына 1 миллиард 562,4 миллион теңге бөлінді. 2025 жылы жобаны жалғастыруға тағы 2 миллиард 171,1 миллион теңге бағытталып, жалпы құны 3 миллиард 733,5 миллион теңгені құрайтын бұл кезеңнің жұмыстары толық аяқталды.
Биылғы 2026 жыл да жаңа бастамалармен есте қалмақ. Қазіргі таңда Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілерін тарту жұмыстары басталған. Бұл бағыттағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 680 миллион теңге бөлініп отыр.Аталған жобалардың қаржылық көрсеткіші бойынша,Жанқожа батыр ауылына 120 миллион теңге, (жоба құны 336,8 млн теңге), Бекарыстан би ауылына 300 миллион теңге(жоба құны 594,4 млн теңге),Майдакөл ауылы 80 миллион теңге (жоба құны 267,5 млн теңге),Түктібаев ауылына 180 миллион теңге бөлінген (жоба құны 361,9 млн теңге).
Аудандағы газбен қамту жүйесінің дамуы – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жасалған үлкен қамқорлық. 2022 жылдан бастау алған бұл кешенді жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Абай, Ақтан батыр ауылдарының көгілдір отынға қосылуы – жобаның сәтті жалғасы. Ал биыл Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендерінде басталған орамішілік газ желілерінің құрылысы – өңірдегі инфрақұрылымның жаңа сапалық деңгейге көтерілгенінің айқын белгісі. Бүгінде аталған төрт елді мекенде газ құбырларын жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан басшылығының назарында тұрған бұл жобалар толық аяқталған соң, өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмыс сапасы жаңа деңгейге көтерілмек.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
09 маусым 2026 ж. 45 0

Күлкі мен ойға толы кеш

09 маусым 2026 ж. 50

Төрт ауылға-тұрақты жылу

09 маусым 2026 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930