Өңір дамуының маңызды қадамы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкімет газдандыруды айтарлықтай кеңейтіп, кемінде 1 700 км газ желілерін жаңартсын. Бұл 300 000-нан астам адамға табиғи газға қолжетімділікті қамтамасыз етеді», – деп Үкімат алдына үлкен тапсырмалар жүктеген болатын.Қылышын сүйретіп қыс келгенде, елдің алаңы – жылу жайы соңғы жылдары жолға қойылып келеді. Газдандыру деңгейін арттыру және жылыту маусымын ойдағыдай өткізіп, газдың ресурстық базасын кеңейту –ел алдында тұрған басты міндет. Себебі газдандыру – халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды тетігі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін басты бағыттардың бірі. Табиғи газды тұрмыста және өндірісте пайдалану өмір сүру сапасын арттыруға ғана емес, экологиялық жағдайды жақсартуға да әсер етеді.
Ауданды газдандыру – өңір дамуының маңызды қадамы. Қазалы ауданына қарасты елді мекендер, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын табиғи газбен қамтамасыз етуде газ құбырларын тарту, инфрақұрылым салу және тұтынушыларды газ жүйесіне қосу жұмыстары кезең-кезеңімен қамтылуда.
Ел дамуының стратегиялық маңызы бар бағыты әл-ауқатын жақсартып, экологияны қорғауға және экономиканы дамытуға ықпал етуде.
Газдандырудың – тұрғындар тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік жағдайды жақсартуға және экономикалық дамуды жеделдетуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба екендігін кәсіпкерлік өрісінің кеңеюінен байқауға болады. Халықтың тұрғылықты жерге тұрақтанып, жас мамандардың шалғай елді мекендерге қоныстануына да инфрақұрылым, әсіресе газдың ықпалы болғанын айта кету керек. Ауданға магистральдық және ішкі газ құбырларын тарту инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғыртуды талап етеді.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметін жүгінсек, елді мекендерді газдандыру жобаларына 2024 жылы 2 миллиард 235 миллион теңге қаржы бөлініп, 3 жоба жүзеге асқан. Бұған дейін Абай ауылынан 347,6 миллион теңге тұратын және құны 325 миллион теңгелік Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толыққанды қосылу мүмкіндігіне ие болды.
Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысы жұмысына 2024 жылы 1 миллиард 562,4 миллион теңге қаржы құйылса, 2025 жылға аталған жобаның жұмысын жалғастыруға 2 миллиард 171,1 миллион теңге бөлінген. Жоба құны 3 миллиард 734,2 миллион теңгені құрайтын аталмыш нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2024 жылы газбен қамту 70 процентті құраса, 2025 жылдың соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 73 процентке жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды ауылдарына магистралдық газ құбырын тарту жобасына «ЮгГазПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілігімен, жоба құны 4 миллиард 558 миллион теңге және «Отан-Байланыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілігімен Ақсуат ауылына АГРС станциясын салуға жоба құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жоба құны 1 миллиард 560,7 миллион теңге.
Кезегін күткен келесі ауылдарға да ақжолтай хабардың жететін күні алыс емес. Жоба құны 1 миллиард 560,7 миллион теңге тұратын Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына ауылішілік газ құбырын тартуға аудандық бюджеттен 48,7 миллион теңге бөлінген. «Отан-Байланыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеушілігімен Ақсуат пен Байқожа елдімекендеріне ауылішілік газ құбырын тарту жобасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жоба құны 824,1 миллион теңге. Бұл жобаларды 2026 жылға қаржыландырылуға бюджеттік өтініп тапсырылған.
Тағы бір маңызды мәселе – көгілдір отынға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газга бейімдеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілуде.
2024 жылы 320,1 миллион теңгеге 10 әлеуметтік нысан газ отынына бейімделсе, 2025 жылы 5,1 миллион теңгеге Пірімов ауылдық клубы, 55,6 миллион теңгеге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 12,7 миллион теңгеге Қазалы қаласының әкімшілігі газ отынына бейімделген.
Қазалы қаласының клубы, Жалаңтөс батыр ауылының әкімшілігі, 22,3 миллион теңгеге Басықара ауылының әкімшілігі мен клуб ғимараттарын газға бейімдеу үшін 77,7 миллион теңгенің 4 жобасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Қазіргі уақытта қаржыландырылу көздері қарастырылуда.
2024 жылы білім басқармасының теңгеріміндегі 14 нысанның бу қазандықтарын газ отынына бейімдеу үшін аудандық коммуналдық меншікке алынған.
Қазіргі уақытта Қазалы қаласындағы 3 мектеп пен 2 балабақша, Ғ.Мұратбаев, Жалаңтөс батыр, Басықара, Абай ауылдарындағы 4 мектеп пен 4 балабақша, Қ.Пірімов ауылынан 1 мектеп пен Абай ауылындағы мәдениет үйі сынды 15 нысанды газ отынына бейімдеу үшін 44,9 миллион теңгеге жоба-сметалық құжаттары әзірленген.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА














