Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Топырақ құнарлығын төмендетуге жол берген фермерлерге талап күшейеді

Топырақ құнарлығын төмендетуге жол берген фермерлерге талап күшейеді

Топырақ сапасының деректері көрсетілген цифрлық паспорт пайда болады. 
Фото: freepik
Фермерлер үшін жұмыс кезінде топырақтың құнарлы қабатын қорғау талаптары енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәжілістің жалпы отырысында "Топырақты қорғау туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды
"Заң қабылданғаннан кейін шаруаларға жер телімдерінің шекарасы мен өлшемдері ғана емес, сонымен қатар топырақ сапасының ақпараттары көрсетілген цифрлық паспорттар берілетін болады. Бұл республикалық бюджет есебінен жүргізілген жерлерге агрохимиялық, геоботаникалық, топырақты зерттеу бойынша көп жылғы жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болғанын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта шаруалардың өздері топырақ жағдайына тұрақты түрде агрохимиялық талдау жүргізетін болады. Егер талдау деректері бірыңғай базаға енгізілмесе, мемлекеттік қолдау көрсетілмейді", – деді депутат Нұржан Әшімбетов.
Мәжіліс депутатының айтуынша, енді топырақ сапасы көрсеткіштерінің төмендеуі жер пайдаланушылар үшін жауапкершілік шараларына әкеп соғады. 
"Кейбір жағдайларды қоспағанда, қазіргі кезде топырақ құнарлылығының нашарлауы үшін фермерлердің ешқайсысы жауапкершілікке тартылмағанын атап өткім келеді. "Топырақты қорғау туралы" заңның қабылдануы халықаралық тәжірибеге сәйкес келетінін баса айтқан жөн. Еуроодақ елдерінде бұл салада негіздемелік реттеу бар және Германия, Нидерланды, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты көптеген елдерде топырақты қорғау туралы ұлттық заңдары бар. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақ қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы, атап айтқанда Жер кодексін және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңды осы Заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді", – деп атап өтті ол.
Айта кету керек, бұған дейін топырақты қорғауға қатысты жеке заң пайда болғанын жазғанбыз.
06 мамыр 2026 ж. 111 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031