Қазақстанда өзін өзі қорғау құрылымдары мен еріктілер пайда болады: Кімдер мүше болады алады
Депутататтар мәжіліс отырысында елімізде өзін өзі қорғау құралымдары мен еріктілер пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото freepik.com
Фото freepik.com
Мәліметтерге сенсек, мәжіліс "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Негізгі заң жобасының мақсаты – елдің қорғаныс қабілетін арттыру, халықтың, аумақтық қорғаныс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы мен соғыс уақытында республика аумағын қорғау.
Заң жобасында Қазақстанның қорғаныс жүйесіне "өзін өзі қорғау құралымы" және "ерікті адам" деген жаңа ұғымдар енгізіледі. Бұдан қалды өзін өзі қорғау құралымдары соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында жергілікті әскери басқару органдарын құрады.
Ал еріктілер дегеніміз – өзін өзі қорғау құралымдарына ерікті түрде қабылданған Қазақстан азаматтары. Олардың қатарына өзін өзі қорғау құралымдарын құру кезінде Қарулы Күштер қатарына шақырылмаған, жұмылдырылуға жататын және жатпайтын адамдар кіреді.
“Олар елдімекендерді, аумақтық қорғаныс объектілерін күзету және қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға, қорғаныс құрылыстарын салуға, эвакуациялау шараларын жүргізуге және басқаларға тартылады. Жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін Қарулы Күштердің құрамына еріктілерден тұратын жеке өзін өзі қорғау құралымдары енгізілуі мүмкін. Ілеспе жоба аясында кәсіпкерлік кодекске және бес заңға түзетулер енгізіледі. Олар тиісті мемлекеттік органдардың (ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар) аумақтық қорғаныс саласындағы құзыреттерін біріктіреді”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, былтыр Халықаралық волонтерлар форумына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілердің саны 200 мыңнан асқанын мәлім еткен еді. Сол кезде президент осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, себебі еріктілер қатарында қоғамға адал қызмет ету – біркүндік не болмаса уақытша жұмыс емес, әр волонтердің өз еркімен таңдаған өмірлік мақсаты. Жалпы, волонтер болу патриотизмнің, яғни, отаншылдықтың жарқын үлгісі деді ол.