Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қазақстандықтарды "тазалық эстафетасына" қосылуға шақырды

Тоқаев қазақстандықтарды "тазалық эстафетасына" қосылуға шақырды

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты тазалау эстафетасына қатысуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы 23 наурыз күні “Тазару күніне” орай еліміздің әр түкпірінде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталғанын мәлімдеді.

“Бұл Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын күн. Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз. Республика аумағында “Мөлдір бұлақ” бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді”, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар президент Жаңа Халық Конституциясында табиғатқа қамқорлық таныту қағидаты бар екенін айтты.

“Наурыз мейрамы кезінде қабылданған Жаңа Халық Конституциясында азаматтарымыздың табиғатқа қамқорлықпен қарауы ұлттық дүниетанымымыздың басты қағидатының бірі ретінде айқындалған. Жаңа Халық Конституциясы ел бірлігінің арқауы, рухани және құқықтық бағдарымыз әрі Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болатыны күмәнсіз. Ата заңымыз қоғамда дүниетанымымыз бен бітім-болмысымыздың өзегі саналатын ынтымақ, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, “Таза Қазақстан” құндылықтарын қалыптастырады. “Таза Қазақстан” идеологиялық тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады”, –деді Тоқаев.

Осылай деген мемлекет басшысы барша қазақстандықты Тазару күнімен құттықтады.

“Қазір табиғат игіліктерін ұқыпты пайдалану және саналы тұтыну жолын таңдаған азаматтарымыздың саны артып келеді. Бұл – жарқын болашағымызға кепіл болатын игі үрдіс. Мен бүкіл халқымызды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырамын. Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз. Баршаңызға амандық және бақ-береке тілеймін!”, – деді Тоқаев.
23 наурыз 2026 ж. 37 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 91

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 89

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 104

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031