Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Мөлдір бұлақ" акциясы аясында Сырдария өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды

Қазалыда "Мөлдір бұлақ" акциясы аясында Сырдария өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды


Еліміз бойынша 23 наурызда Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы басталып акция аясында табиғи су көздерін тазарту, бұлақтардың көзін ашу, өзен-көлдердің жағалауын абаттандыру, сондай-ақ 700-ден астам әлеуетті су нысандарын түгендеу жоспарланған болатын.

Бүгін Қазалы ауданында аталған акция аясында Сырдария өзенінің жағасында тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған акцияға аудандағы «ҚАЗСУШАР» Қазалы ауданындағы өндірістік учаскесі, «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырларын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесі, Ә.Тыныбаев атындағы су торабы сынды су мекемелерінен 100—ден астам адам қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Өзен жағалауында өткен іс-шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, барша шараға қатысушыларды Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуға, туған жеріміз – ортақ үйіміздің тазалығына бірлесе атсалысуға шақырды. Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары, «Мөлдір бұлақ» акциясы – тек тазалық жұмыстары ғана емес, бұл туған жерге, табиғатқа құрметтің айқын көрінісі екенін айтты.
Аудан басшысынан кейін су шаруашылығы саласының ардагері Әлдебай Сисенов сөз сөйлеп, «Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғауға деген жанашырлықтың белгісі, ұрпаққа үлгі болатын өте игі іс екенін жеткізіп, тазалық шарасына қатысушыларға батасын беріп, алғысын жеткізді. Ал, №182 мектептің 7-сынып оқушысы Шәкірат Нұриман «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығына қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауды үйренетіндіктерін айтты.
23 наурыз 2026 ж. 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031