Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті егілді

Қазалыда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті егілді

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және Наурызнама онкүндігі аясындағы 23 наурыз - Тазару күніне орай тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, барша аудан жұртшылығы туған жердің тазалығына белсене атсалысты.
Тазалық акциясы аясында аудан ардагерлері, әйелдер және аналар кеңесі, жастар, орманшылар Әйтеке би кентіндегі Рәміздер алаңында, Қазалы қаласындағы орталық алаңда, ауылдық округтерде ағаш көшеттерін отырғызу шарасын ұйымдастырды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов зиялы қауым өкілдерімен, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер және жастармен бірге аталған орындарда ағаш көшеттерін отырғызу акцияларына қатысты.
Тал егу акциясы барысында аудан басшысы алдымен жиылғандарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтады. Президентіміздің бастамасымен елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы, елімізде қабылданған Жаңа Ата заңымыз және өңірде атқарылып жатқан оң өзгерістер жайында сөз қозғап, барша қазалылықтарға тазалық шараларына белсене атсалысуға шақырды.
Экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде тал егу жұмыстарынан бөлек, тазалық жұмыстарыда ұйымдастырылды. Ауданда өткен жаппай сенбілік жұмыстары барысында ауылдық округтермен қатар Әйтеке би кентінің Достық, Ғ.Мұратбаев, Р.Бағланова, Жанқожа батыр, Т.Бөріқұлақов көшелерінде және кенттің сырт жағындағы кіре беріс қақпа айналасы, «Қазақ қорымы» аумағында қоқыстарды теру және көктемгі тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, аудан көлемінде экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстарына барлық елді мекендер бойынша 2200 адам, 15 техника жұмылдырылып 15,9 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Ауданды көркейту-көгалдандыру мақсатында 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#ТазаҚазақстан
#Қазалыауданы
#тазарукүні
23 наурыз 2026 ж. 103 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 89

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 87

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 102

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031