Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ Ғашықтар күні қарсаңында интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертті

ІІМ Ғашықтар күні қарсаңында интернет-алаяқтардан сақ болуды ескертті

Фото: istockphoto.com
Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне ерекше сыйлық дайындауға асығады. Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Алайда мерекелік қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға тырысады.
Романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

ІІМ келесі ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:
тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;
әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;
сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз; бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;
төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;
жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.
Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбанына айналмаңыз.

12 ақпан 2026 ж. 226 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 124

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 111

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30