Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет алаяқтарынан сақтанайық

Интернет алаяқтарынан сақтанайық

Қоғамда цифрландырудың маңызы күн өткен сайын артып келеді. Қазір онлайн-режимде банк қызметі мен мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Өкінішке орай оны қылмыстық алаяқтар белсенді пайдаланады. Облыс көлемінде 252 интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 117 млн астам шығын келтірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев мәлімдеді.
– Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі - ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлемді не толық төлемді сұрайды. Биыл 48 осындай қылмыс тіркелді, - деді Серік Әбдімәуленұлы.
Алаяқтың құрбаны болмас үшін тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Бейнеқоңырау арқылы тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуын және жіберуін сұраңыз.           
Интернет-алаяқтық жаһандық мәселе айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.
                                                  
14 қараша 2024 ж. 134 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930