Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ 14 ақпан қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады

ІІМ 14 ақпан қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады

ІІМ 14 ақпан қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: depositphotos.com
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезінде интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне мінсіз сыйлық іздейді. Мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезеңінде интернет-алаяқтар ерекше белсенді болады", - деді ведомствода.
Мерекеде ақша жоғалтпау үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды.
ІІМ ескерту жасады:
тауарды тек тексерілген сайттардан және ресми маркетплейстерден сатып алыңыз;
хабарламалар мен пікірлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
тым төмен бағадан сақ болыңыз: ұсыныс шектен тыс тиімді көрінсе, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін;
тауардың бар-жоғын растап алыңыз: мысалы, дүкеннің мекенжайын және тауарды көрсетіп, бейнеқоңырау арқылы тексеруге болады. Алаяқтар әдетте мұндай өтініштен жалтарып, оның орнына геолокация жіберуі мүмкін, бұл айла болуы ықтимал;
төлем кезінде мұқият болыңыз. Ақшаны жеке шоттарға және күмәнді реквизиттерге аудармаңыз;
жеке деректеріңізді қорғаңыз. Ешқашан бөгде адамдарға құпиясөздерді, SMS-кодтарды және банк картасының деректерін айтпаңыз.
12 ақпан 2026 ж. 138 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930