Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық реформа - Қазақстанның саяси жаңғыруы

Конституциялық реформа - Қазақстанның саяси жаңғыруы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Бүгін Қазалы ауданы бойынша Білім бөлімінің мәжіліс залында «Конституциялық реформа — Қазақстанның саяси жаңғыруы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің спикерлері Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы және «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы сөз сөйледі.
Спикерлер Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістердің мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, бұл реформалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, қоғамдық диалог мәдениетін дамыту және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру екенін атап өтті. Жаңашыл бастамалар елдегі саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға негіз болатыны айтылды.
Сонымен қатар Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, білім саласының ардагерлері Серік Қуанышбай мен Бекетов Қадірбек, Сарқыт Ержанова, білім саласының қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысып, ел дамуының жаңа кезеңі туралы ой бөлісті.
Дөңгелек үстел аясында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңыздылығы да ерекше аталып өтті. Қатысушылар Конституциялық реформаларды халықтық қолдау арқылы бекіту – тарихи жауапкершілік әрі елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам екенін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар алдағы референдумда белсенді азаматтық ұстаным танытып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға саналы түрде қатысу қажеттігін бір ауыздан қолдады.
12 ақпан 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728