Қазақстанда балық өнімдерін өндіру көлемі артты
FreepikӨткен жылы елімізде 38 мың тоннадан астам балық ауланып, оның 12 мың тоннадан көбі қолдан өсірілді. «Аквашаруашылық туралы» заңның күшіне енуі салаға серпін беріп, балық шаруашылықтарының саны мен өндіріс көлемі айтарлықтай артты, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz-ке слтеме жасап.
Мемлекеттік қолдау шараларының кеңеюі – субсидиялар, жеңілдетілген несиелер мен инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу – кәсіпкерлердің бұл салаға қызығушылығын күшейтті. Қазір балық өсіру табысты бизнеске айналып отыр.
«2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы» аясында асыл тұқымды балық өсіруге қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап су беру қызметтерінің құнын субсидиялау тетігі іске қосылды. Бұл шығындардың 60–85 пайызына дейін өтеуге мүмкіндік береді.
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Бағдат Азбаевтың айтуынша, 2026 жылы балық шаруашылығын қолдауға 5 млрд теңге субсидия бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп.
Нәтижесінде, былтыр ішкі нарыққа 18 мың тоннадан астам балық және балық өнімі шығарылса, биыл бұл көрсеткішті 26 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда елде 72 балық өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, олардың жылдық қуаты 120 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 20 кәсіпорын өнімін экспортқа шығарады.
Қазақстандық балық өнімдері Еуроодақ елдеріне, сондай-ақ Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей және Қытай нарықтарына жөнелтіледі.














