Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСЫҚАРА АУЫЛЫНДА БАЛЫҚ ТОҒАНЫ САЛЫНУДА

БАСЫҚАРА АУЫЛЫНДА БАЛЫҚ ТОҒАНЫ САЛЫНУДА

Бүгінде Қазалы ауданындағы Басықара ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы басталып, инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, «Арал Рыбторг» ЖШС-нің жетекшісі Қуаныш Өмірзақов ауданға қарасты Басықара ауылының аумағынан 464 гектар жер учаскесін жалға алып, балық өсіретін арнайы тоғандардың құрылыс жұмыстарын бастап кетті.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Басықара ауылына барып, тауарлы балық өсіру шаруалығын бастап жатқан кәсіпкермен кездесті. Сондай-ақ, салынып жатқан балық тоғанын көріп, жобаны толық жүзеге асыруға инвестиция ретінде қаржы ұйымдары арқылы қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Жеке кәсіпкердің айтуынша құны 650,0 млн. теңге құрайтын «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы 2026 жылы толығымен іске қосылмақ. Жобаға сәйкес мұнда барлығы 52 тоған салынып, 2026 жылға 500 тоннаға жуық тауарлы балық алу жоспарланып отыр.
Айта кету керек, Басықара ауылындағы жеке кәсіпкердің балық шаруашылығын бастап жатқан бұл жер учаскесінде 1987 жылдан бастап 1994 жылға дейін Қазалы балық тоғаны шаруашылығы жұмыс жасаған. Жалпы аумағы 518 гектарды құрайтын шаруашылықта түрлі балық түрлерін өсіретін 20-ға жуық тоған болған. Кейіннен кеңес үкіметі тарағаннан кейін балық тоғаны талан-таражға түсіп, жұмысын тоқтатқан. Бүгінгі күнге дейін тоған жарамсыз күйде тұрған.
Бүгінгі таңда жеке кәсіпкер Қуаныш Өмірзақовта балық тоғаны іске қосылғаннан кейін 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
28 мамыр 2025 ж. 431 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031