Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Қызылордада балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

Аймақта балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттыру көзделуде. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны құралатын болады.
 «Облыста 16 шарбақтық балық өсіру шаруашылығы, тауарлы балық өсіретін 12 тоған құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылатын болса, көл-тауарлы су айдындарының саны 55-ке жеткізіледі. Өңірлік бағдарламаны іске асыру үшін жалпы көлемі 28,9 млрд. теңге қаржы есептелді. Осыған орай, балық шаруашылығын қолдау мақсатында, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлу қарастырылды. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық жағдайын және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізетін болады», – деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов.
Айта кетейік, облыс аумағында Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі және 207 көл бар. Оның ішінде, 95-і тауарлы балық өсіру шаруашылығына бағытталған.
                             kyzylorda-news.kz
15 наурыз 2021 ж. 2 488 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930