Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды

Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды

Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы дұрысталып келеді.
Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтты, 82,4 шақырым қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар. 2024 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 88,2 пайызды құраса, 2025 жылы Жанқожа батыр ауылының кіре беріс және «Әлсейіт» көпірінен бастап, Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықтағы автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өткізіліп, аудандық маңызы автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрады.
2026 жылға Қожабақы-Аранды және «Қарлан» учаскесінен Бірлік ауылына дейінгі аралықтағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарымызда бар. 2026 жылға жобаны бастауға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.
2025 жылы қала және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
2024 жылы жұмысы басталған Қазалы қаласының 10 көшесінің жұмысын жалғастыруға қаржы бөлінді. Нысан 2026 жылға өтпелі.
Әйтеке би кентінің 17 көшесін жөндеуге 756 млн. теңге, Басықара ауылының 1 көшесін жөндеуге 53,8 млн. теңге, Жалаңтөс ауылының 2 көшесін жөндеуге 149,6 млн. теңге және Майдакөл ауылының 1 көшесін жөндеуге 50,2 млн. теңге, барлығы – 31 көше.
2026 жылға Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінің айналма жолының құрылысы басталатын болады. Бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы қаралса, А.Талқанбаев көшесінің жолын қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді.
2026 жылы Әйтеке би кентіндегі 10 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта 10 көшенің жұмысын бастауға аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралды.
2026 жылға Қожабақы ауылының тұсындағы темірбетонды көпірге күрделі жөндеу жұмысын бастауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Аймақ басшысының қолдауымен облыстық басқармалар арқылы ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
2026 жылға Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығындағы 4 жолақты жолдың түнгі жарықшамдарын орналастыруға қаржы бөлініп, бүгінде 4 жолақты жолдың жарықшамдары толықтай іске қосылды.

02 ақпан 2026 ж. 110 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728