Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 33 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл 33 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қазалы ауданында бүгінде автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды.
Өткен жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғыртуға бюджеттен 1 633,9 млн. теңге қаржы бөлініп, «Бозкөл-Тасарық», «Бекарыстан би-Шөмішкөл», аудан орталығында Әйтеке би, Жанқожа батыр, Әбілқайыр хан, Бегім ана, Сырым батыр және Қазалы қаласының 15 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал, биыл «Ауыл – ел бесігі» және «Кіші қалаларды дамыту» жобалары аясында Әйтеке би кентінің 13 көшесі асфальтталып, 6 көшесіне қиыршық тас төселеді, ал Қазалы қаласының 10 көшесі, Басықара, Қарашеңгел, Ақжона ауылдық округтерінің 4 көшесі асфальттанады. Бұдан бөлек, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолы мен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтталған, 82,4 шақырымына қиыршық тас төселген және 33,5 шақырым топырақты жолдар.
28 шілде 2025 ж. 614 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930