Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфрақұрылым дамыса, ел жағдайы жақсарады

Инфрақұрылым дамыса, ел жағдайы жақсарады

Қай кезде де халықтың жағдайын жақсартып, діттеген жеріне тез жеткізетін жол экономиканың күретамыры саналады. Ал автомобиль жолдарын жөндеу, салу және қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру кез келген өңірдің инфрақұрылымының дамуы үшін өте маңызды. Осы ретте тиімді жұмыстарды жүргізу аудан экономикасын ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосып отыр.
Негізі жергілікті жолдардың сапасы мен қолжетімділігі экономикалық қызметті жандандыруда басты рөл атқарады. Инфрақұрылым дамыса, жолаушылар мен тауарлар бір жерден екінші жерге өз уақытында жеткізіледі. Ауыл-аймақтардағы ауылшаруашылық өнімдерінің де нарыққа тез жол тартуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге өнім өндіру мен сату ісін ұлғайтады. Осыған орай Қазалыда айтарлықтай шаруалар атқарылуда.
Атап айтқанда, ауданның коммуналдық меншігінде 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы және елді мекендердің 438 шақырымды құрайтын 480 көше жол торабы бар. Оның ішінде, 259,1 асфальтты, 82,4 қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар есепте тұр. Осы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстарына аудан бойынша 3,3 шақырым меже бекітілген. Алайда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша ұсынылған «Лақалы елді мекеніне кіре беріс аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 7,5 шақырым» аралығы жөнделмек.
Сондықтан жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары іс-шарасын «Шағын және моно қаланың көшелерін қайта жаңғырту» жобасын ұзындығы – 3,5 шақырымға алмастыру жөнінде ұсыныс жолданды. Жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеуге аудан бойынша 25 шақырым меже бекітілген.
Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды 9,7 шақырымды күрделі және орташа жөндеу жоспарланған. Ал Бозкөл-Тасарық 0-20 аудандық маңызды автомобиль жолын орташа жөндеу қаржысы шешілген жағдайда меже толық орындалады. Одан бөлек «Қазалы-Көларық-Бекарыстан-Жаңақұрылыс» 6,5 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы алғанда жол құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы қаралып отыр. Бөлінген қаржыға 19,56 шақырымды құрайтын 28 көшеге күрделі және орташа жөндеуден өтеді.
Бұл жұмыстардан бөлек 30 көшенің (Әйтеке би кентіндегі 25 көше, Талқанбаев, Жанқожа 3 шақырым көшесі, Жанқожа батыр айналма жолы, Қазалы қаласының Түктібаев, Жанқожа батыр көшелері) жобасы және 4,1 шақырым болатын аудандық маңыздағы автомобиль жолын жөндеу бойынша жоба сметалық құжаттар дайындалып, тиісті министрліктерге қаржыландыру үшін жолданды.
Сонымен қатар Қазалы-Қожабақы бағытының 32,1 шақырымында орналасқан апатты деп танылған темір бетонды көпірді қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Осы жобаны қаржыландыру үшін облыстық бюджетке өтінім беріліп отыр.
Сондай-ақ «Қожабақы-Бекарыстан би 25 шақырым» аудандық маңыздағы автомобиль жолының бойында орналасқан темірбетон көпіріне жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
20 мамыр 2025 ж. 169 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930